Маңғыстау облысында қар жауып, ауа температурасы төмендеді. Жауын-шашын жиі жаууда. Тіпті тұрғындарға өңірде көктайғақ немесе қалың тұман болатыны жайлы алдын ала ескертулер жіберіліп жатыр. Осы ретте Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті көктайғақ кезінде қауіпсіздік шараларды сақтау керек екенін ескертті.
Егер сіз ауа райының қолайсыздығы салдарынан көктайғақ болатынын естісеңіз, жарақат алмау үшін сақтық шараларды қолданыңыз. Алдымен қатты сырғанамайтын аяқ киімді дайындау керек. Кейін өкшесіне темірден жасалған нәл немесе поролон, ал құрғақ аяқ киімнің астына жабысқақ пластрь немесе оқшаулағыш лентаны жабыстырады. Сондай-ақ аяқ киімнің астын құммен ысқылау керек.
Сақтықпен қозғалыңыз. Асықпаңыз, аяғыңызды толық басып жүріңіз. Аяқ пен қолды бос ұстауға тырысыңыз.
Ал егде жастағы адамдар резеңкесі бар таяқ немесе арнайы үшікшектері бар таяқ ұстау керек. Егер тайғанап кетсеңіз, тез отыруға икемделіңіз. Себебі бұл жерге құлау соққысын жеңілдетуге, жинақталуға өз септігін тигізеді.
Көктайғақ көбінесе мұздап, тоңуға себеп болады. Мұндай кезде ток желілерінің сымдарына көңіл бөлу маңызды. Егер сіз үзіліп кеткен сымдарды көре қалсаңыз, құзырлы органдарға хабар беруді жеделдетіңіз.
Жыл сайын суық кезде балалардың жарақат алуы көбейеді. Сондықтан қыс мезгілінде, көктайғақ уақытында балаларды сыртқа шығармау керек. Бала ата-ананың бақылауында болуы қажет.
Сонымен қатар балаларды ойын алаңы, су айдыны, қалаішілік жолдарда, көшелерде жүру ережелерімен таныстыруды ұмытпаңыз. Басқа ғимараттардың қасында ойнамауын қадағалау керек. Себебі шатырда қар немесе қатқан мұз болуы мүмкін. Мұндай сәттерде барынша сақ қимылдау керек. Сондай-ақ үсік шалуды болдырмас үшін төменгі температурада көшеге шықпауын қадағалаңыз.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
Фото архивтен