Жиынға Қажымұрат Хайрушев пен «Есојег» қауымдастығы Батыс Қазақстан бойынша филиалының басшысы Рашит Мұстапаев төрағалық етті. Олар аймақтағы экологиялық мәселелер туралы айтып, шешу жолдарын қарастырды.
Маңғыстау облысы өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Қажымұрат Хайрушев мұнай-газ компаниялары тарапынан экологиялық талаптарының жиі бұзылуы туралы, мұнай құбырлары жарылған жағдайда оның қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келмей тұрып шұғыл қалпына келтіруде шын мәнінде нақты тәуекелдер барын ашып айтты. Ол Каспий теңізіндегі жиі қырылатын итбалықтар туралы да сөз қозғады. Оның пікірінше, Каспий теңізін ластамау мүмкіндігіне ие болу үшін мұнай-газ кен орындарының объектілерінде онлайн мониторинг орнату қажет. Сонымен қатар тұрмыстық қатты қалдықтар бойынша да түйіні тарқамаған мәселелер бар. Каспий маңы елдері арасында мәртебесінен айырылып қалу қаупі зор екендігін де жоққа шығармады.
Ал өңірлік экологиялық кеңестің мүшесі Кирилл Осин: «Caspian Oil Trans» ЖШС тарапынан мемлекеттік нормативтердің, қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы және технологиялық құбыр түрінде салынбақшы құрылыстан, нақты магистральдық мұнай құбырынан, ұйымымен экологиялық нормаларды бұзылуына жол берілмек, оның салдары біраз қиындықтарға әкелетіні туралы сөз қозғады.
Эко-амбассадор Әділбек Қозыбақов Қаракөл көлін сулы-батпақты алқаптардың Рамсар тізіміне ұсыну қажеттігі туралы мәселені көтерген болатын. Ол Расмсар Конвенциясы туралы және осы маңызды халықаралық құжаттан Қазақстан табиғаты үшін қандай пайдалы тұстары бар екендігі туралы түсінік берді.
«Сулы-батпақты алқаптардың жай-күйін экспресс-бағалау аяқталған. Енді осы жұмысты аяқсыз қалдырмай, Қаракөл көлін Рамсар тізіміне номинациялау қажет. Егер де Қарақөлге осындай жоғары халықаралық мәртебе берілсе, Қазақстанның теңіз астанасына «кедвочерлерді» (құстарға бақылаушы) деп аталатын шетелдік туристерді тарту бойынша мүмкіндіктер кеңейе түседі», - дейді Әділбек Қозыбақов.
Өңірлік кеңестің басқа да мүшелері өз пікірлерін ортаға салды. Кеңес жұмысына Маңғыстау облысының Экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов қатысып, қоршаған ортаны қорғауға қатысты барлық өзекті мәселелерге тұшымды жауап берді.
Алдағы уақытта өңірлік экологиялық кеңес аймақтағы экономикалық өсу мен қоршаған орта деңгейінің жақсаруы арасындағы теңгерімді сақтау жөніндегі нақты ұсыныстармен тиісті мекемелерге шығатын болады. Бірінші кезекте кәсіпорындарды жаңа жасыл технологияларға көшуін ынталандыру туралы мәселені алға тарту маңызды. Кеңес жұмысының маңызды бағыттарының бірі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәдениетті арттыру.
Естеріңізге сала кетейік, аталған кеңес қоғамдық негіздегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оған мүше ретінде белсенділер, блогерлер, ҮЕҰ басшылары, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы және бақылаушы ретінде Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуроры кірген болатын.