Бұл туралы Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті. Мешіт қызметкерлері облыс орталығында тұратын 20 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті.- Бұл көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар отбасылар болғандықтан, күнделікті тұтынатын тағамдар жеткілікті болмай жатады. Қолдан келгенше, мұқтаж жандарды қолдауға көп көңіл бөлуге тырысудамыз. Жомарт жандардың көмегімен, мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратуды апта сайын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.
Мешіт қызметкерлері ет, ұн мен көкіністер салынған қалталарды мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар отбасылардың үйлеріне жеткізсе, көп балалы аналарға азық-түлікті бас имамның өзі таратты.