Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы Қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша дөнгелек үстел «Kazakhstan Global Investment Roundtable» өтті (KGIR-2019). Бұл шараға биыл алғаш рет Маңғыстау облысы да қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы əкімдігіне сілтеме жасап. KGIR-2019 қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін маңызды инвестициялық оқиғалардың бірі. Форумға 1100-ден астам ірі әлемдік және қазақстандық компаниялардың басшыларын, халықаралық сарапшыларын мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері келді. Олардың ішінде 600 ден астам 41 елден келген қонақтар, сондай-ақ «Cisco», «Nokia»», «CITIC Bank Corporation», «WILO SE Group», «AGCO Corporation», «Valmont Industries», «Tyson Foods», «Yildirim Group» және тағы басқа ірі компаниялардың топ-менеджерлері бар. Форум алаңдарында облыс әкімі Ералы Тоғжанов 10-ға жуық шетелдік жетекші компаниялардың өкілдерімен екеуаракездесу өткізді. Олардын қатарында Жапония, Қытай, Корея, Түркия, Франция елінен келген инвесторлар бар. Келіссөздің нәтижесінде газ-химия саласында Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Westgasoil» компаниясы (Сингапур) метанол және олефиндерді өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жобаны жүзеге асыру химия өнімдердін өндіруін орналастырып, елдің газ-химия кешенін дамыту арқылы импорт алмастыруды қамтамасыз етеді. Өңір басшысы қол қойған тағы бір меморандум шетелдік компаниялардың қатарында көлік және тасымалдау саласында өзіндік орны бар «Shanghai Ace Investment group» корпорациясы. Шанхайлық компанияның өкілдері «Ақтау Теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында жүк қоймасының құрылысын басатуды көздеп отыр. Сонымен қатар, ынтымақтастық жөніндегі маңызды келісім Ақтау мен Ляньюнган қалалары, Құрық пен Ляньюнган порттары арасында бекіді. Қазақстандық жаһандықинвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша инвестормен жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларды құрайтын келісімдерге қол қойылды. Форум барысында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысында жаңа жобаны қолға алып, іс бастау үшін көптеген мүмкіндіктер қарастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ,қазба байлықтарын игеру, ауыл шаруашылығы, туризм секілді салаларда әріптестік орнатуға шықырып, әкімдік тарапынан кез келген инвесторларға қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="79430,79429,79432,79431"]