©
Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында айтылды, - деп хабарлады mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.
Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаеваның айтуынша, 2016 жылы 101 019 тексеру жүргізілсе, 2017 жылы - 81 659. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілетін тексерулердің жалпы саны 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 11%-ға азайған. Ал 2018 жылдың 5 айында кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексерулер саны сол кезеңмен салыстырғанда 24%-ға азайған.
«Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша Заңның негізгі бағыттары – мемлекеттік бақылау мен қадағалауды реформалау, ақпараттық құралдарды реформалау, квазимемлекеттік сектор ұсынатын міндетті қызметтерді реттеу, бизнес шығындарын алдын-ала қысқарту, бәсекелестікті болдырмайтын ережелерді анықтау мақсатында заңнаманы қайта қарау, Doing Business рейтингін жақсарту», - деп атап өтті Венера Мустапаева.