«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Астана-Маңғыстау облысы аймақаралық әріптестік бизнес кездесуі өтті. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастаған делегация қатысты. Алдымен өңір басшылары Маңғыстау облысының жергілікті тауар өнімдерінің көрмесін тамашалады. Бизне-скездесу отырысында облыс басшысы Ералы Тоғжанов астаналық қонақтарға өңір тыныс-тіршілігін таныстырып, кездесудің көздеген мақсатына тоқталды. «Құрметті қатысушылар, баршаңызға белгілі, үш күннен бері Астана қаласы ның үлкен ұжымдары қасиетті Маңғыстауға сапарлап келіп, маңызды шаралар өткізуде. Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы аясында облыста ауқымды мәдени шаралар ұйымдастырылды. Кеше Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев бастаған делегацияның қатысуымен үлкен гала-концерт болды. Игілікті жұмыстар 10 мыңға тарта халық жиылған теңіз жағалауындағы шараларға жалғасты. Еліміздің абыройын асқақтатқан Астананың атаулы мерейтойын бұқара болып өткізуіміз өте маңызды. Киелі Маңғыстау жеріне осындай игі мақсатпен қадам басқан сіздерге қош келдіңіздер дегім келеді» деп, өңір басшысы Ералы Тоғжанов елордалық әріптестеріне облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалын таныстырды. Осынау бейбітшілік пен тыныштық орнаған уақытқа толайым жетістіктермен жеткеніміз Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасы деп білемін. Ермек Әмірханұлының Маңғыстауға деген ықыласы ерекше. Астаналық делегация тек мәдени-спорттық бағытта ғана емес, үлкен өндіріс саласы, орта және шағын бизнес бойынша ұсыныстарымен келді. Екі күннен бері қадірлі қонақтарға облыс бойынша маңызды мәліметтер берілді. Мұнай көлемі бойынша Маңғыстау өңірі 24 пайыз үлеспен республикада жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Таукен өндірісі саласындағы жұмыс ауқымы – 82 пайыз, мұнай сервис қызметі, құрылыс секторы, ауылшаруашылығы саласының да әлеуеті жыл санап қарқынды дамып келеді. Орта және шағын бизнестегі қаржылық қолжетімділік бойынша Маңғыстау облысы республикада 12-орыннан 2орынға шықты. Осындай жетістіктерге жету үшін үлкен жұмыстар жасалды. Маңғыстау облысында арнайы «Нұр-капитал» жобасы іске қосылып, 1% кәсіпкерлерге несие беруді қолға алдық. Қазіргі күнде 900 млн. теңге қаражатты құрайтын 47 бизнес жобасы жүзеге асырылуда. Даму қорымен «Атамекен» палатасымен бірлескен жобаның жалпы құны 2 млрд. 700 млн. теңгені құрайды. Бұл жобаның өзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолдау көрсетіп отыр. Міндет – еңбек нарығын жаңғырту, орта және шағын бизнеске қолдау көрсету. Мұнайлы өлкенің басты кәсібі мұнай саласы болғанымен кәсіпкерлікті жан-жақты дамыту бүгінгі таңдағы маңызды мәселенің бірі болып қала бермек. Құрылыс қарқыны бойынша Маңғыстау облысы республикада 2орынға көтерілді. Былтыр 833 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, биыл 960 мың шаршы метр баспана тұрғызу жоспарға алынған. Ал кәсіпкерлікке қолдау көрсету өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен дем береді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарымызды жандандыра түсеміз», – деді облыс басшысы. Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев маңғыстаулықтардың ыстық ілтипатына ризашылық танытып, делегация арқалаған маңызды міндеттерді саралап өтті. «Құрметті Ералы Лұқпанұлы, өзіңіз айтқандай, киелі Маңғыстау жерінде үш күн бойы Елордамыздың 20 жылдығы аясында маңызды шараларды өткізудеміз. Ең алдымен, Астана қаласы әкімі Әсет Исекешовтің атынан Сіздерге үлкен рахмет айтқым келеді. Біздің делегацияның қай саласы болса да, барлығы өз міндеттерін уақытылы орындап, үлкен сапаға қол жеткізіп келеді. Екі күн ішінде біз осы облыстағы көптеген оң өзгерістердің куәсі болдық, экономика саласындағы кешен ді жобаларды, өңірдегі тың жаңалықтарды көрдік, әлеуметтік бағыттағы басымдықтарды байқадық, ауқымды жоспарлармен жақынырақ таныстық. Әрине, мұның барлығы қуанарлық жағдай. Ералы Лұқпанұлы, сізге және осы жауапты міндетті арқалаған сіздің ұжымға рахметімді айтамын, толайым табыстар тілеймін, үлкен жетістіктерге жете беріңіздер. Еліміздің, жеріміздің дамуына осылайша бірлесе жұмыла атсалысайық», – деген Е.Аманшаев мерейтой қарсаңындағы Астананың жетістіктерін баяндады. «Биыл Астананың 20 жылдық мерейтойын Елбасымыз бастап, ел болып атап өткелі отырмыз. Бұл мерейтой тек қана мәдени, спорттық шаралармен шектелмейді. Бұл – тарихтың елеулі парағы, беделді белесі. Бүгінгі дамудың жаңа деңгейіне жеткен еліміздің экономикалық, әлеуметтік даму, саяси және халықаралық орталығы ретінде Елордамыздың жетістіктерін ел өңірлеріне шығып, кеңірек насихаттау, жете жеткізу – біздің ең негізгі мақсатымыз. Астана қаласында іске асырылып жатқан үлкен кешенді жобалар көп. Оны таныстыру үшін бізбен бірге Астана әкімдігінің құрылымына кіретін және бірлесе жұмыс жүргізіп келе жатқан әртүрлі компаниялар мен кәсіпорындардың басшылары, өкілдері де келіп отыр», – деді Е.Аманшаев. ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Мұнайлы мектебіндегі жаңа мүмкіндіктер сыныбы Бүгінгі таңда халықаралық қауымдастықтар алдында абыройы асқақ Астана қаласы Еуразия құрлығындағы үлкен маңызды орталық саналады. Ірі экономикалық, саяси орталыққа айналған бас қала да ғаламдық деңгейдегі шаралар өт кізіледі. Елорда іргетасы қаланған сәттен бастап жүйелі түрде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауына ие болып келеді. Астана – Қазақстан экономикасының ғана локомотиві емес, ғаламдық экономикалық, саяси, гуманитарлық мәселелер шешілетін алаң. Бұл қалада үлкен жобалар жүзеге асырылып, мемлекеттің болашағы үшін маңызы зор бағдарламалар қабылданып келеді. Қысқа уақыттың ішінде Астана ірі гуманитарлық, саяси, экономикалық жобалар жүзеге асатын орталыққа айналды. Осынау ел игілігіне арналған жеңісті жетістіктің барлығына Ұлт көшбасшысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жіті бақылауында, үлкен қамқорлығының арқасында қол жетті.Қазіргі кезде Астана әкімдігі «Астана қаласын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын» іске асыру бағытында жұмыстар жүргізу үстінде. Бұл ретте астаналық тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, тұрғын үйлермен қамтамасыз ету, қаланың қауіпсіздігі, денсаулық сақтау саласы басты назарға алынады. Ішкі көшіп-қонудың нәтижесі бойынша да бас қала жыл сайын 50 мың адамға толыға түсу де. Жиын барысында елорда делегациясы құрамында келген Астана қаласы әкімдігі Инвестиция және кәсіпкерлік жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Орынбасарұлы «Астана қаласының даму стратегиясы» туралы кеңірек мәлімет берді. Сонымен қатар жиында елорданың туристік кеңістігі туралы, цифрлық экономика бойынша Астананың инновациялық шешімдері жайында жан-жақты баяндамалар жасалды. Бизнес кездесу соңында Маңғыстау облысы мен Астана қаласы арасындағы бизнес әріптестікті нығайта түсуге бағытталған бірқатар меморандумдарға қол қойылды.
Жайық НАҒЫМАШ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ