Ақтауда жаңа жол пайдалануға берілді. Ұзындығы 1520 метрге созылған жол Ақтау қаласының 16, 17, 18 жəне 19 шағынаудандарын жалғайды. Бұл жол учаскесі қаланың жоғары бөлігіндегі көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді. Жол бойына 500 ағаш отырғызылып, жарық беретін 70 бағанаға светодиодты шамдар орнатылған.
Жаңа жолдың жағдайымен Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов арнайы танысып, жолдың ашылуына куә болды.
https://youtu.be/bmmApMea4yQ"Каспий энергетикалық хабы" жобасы аясында салынып жатқан жалпы ұзындығы 2286 метр жолдың екінші бөлігін жөндеу жұмыстары осы жылдың шілде айында аяқталады деп күтілуде. Жоба бойынша жол алты жолақты болмақ. Жол құрылысына 1 млрд 184 млн теңге қаражат қарастырылған. Жол жұмыстарын "Қараой құрылыс" ЖШС жүргізіп жатыр.
- "19 хабтың" құрылыс жұмыстары 2016 жылдың желтоқсан айында басталды. Негізгі құрылыс жұмыстарын шілде айында аяқтау жоспарланған. Бірақ біз мерзімінен сәл ерте 1 маусым - балаларды қорғау күніне орай жолдың алғашқы екі бөлігін қолданысқа беріп отырмыз. Бұлар - 16-17 шағынаудандар аралығындағы және 18-19 шағынаудандар арылығындағы жолдар. Бұл жолдар қаладағы кептелістерді азайтады, - деп атап өтті мердігер компанияның директоры Аман Қамбаров.
Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтауда 87 мың көлік құралы тіркелген. Ал қала 37 мың көлікке ғана есептелген. Шаһардың төменгі бөлігінде жолдарды кеңейтуге мүмкіндік болмағандықтан, әрі қаланың солтүстік-шығысқа қарай кеңейіп келе жатқанын ескере отырып, алты жолақты жол салуға шешім қабылданған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Видео мен суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="55076,55074,55075"]