«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы
[ 2018 ] 22 мамыр, 08:08 | Экономика
Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» Президент сыйлығын алуға арналған байқау және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы туралы» 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес, елімізде жыл сайын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық және өңірлік көрме-байқауы өткізіледі.
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының мақсаттары:
- жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;
- Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;
- отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;
- сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
- халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту болып табылады.
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы үш номинация бойынша жүргізіледі:
- «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
- «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
- «Үздік азық-түлік тауарлары».
1044
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.