Өркениеттің өріне ұмтылған ғасырда қазақ әйелдерінің іскерлігі мен адамгершілік қасиеттері жиі айтылуда. Өйткені бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен нәзік жандылар қауымы оны іскерлігімен де, ақылдымен де дәлелдеп келеді.
Солардың бірі әрі бірегейі - Урбисинова Кідір Тажиманқызы. Отбасының ұйтқысы болған сүйікті жар 2 қыз бен 3 ұлды өсіріп, тәрбиелеп отыр.
Білікті кәсіпкер шыдамдылығы мен тиянақтылығының арқасында «Ғасыр» дүкенін ашып, 2007 жылдан бері өз кәсібін дөңгелетіп келеді. Аудан тұрғындарын күнделікті тұрмыста қолданылатын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіп, Қарақия ауданының осы саласында қызмет көрсеткені үшін 2017 жылы үздік кәсіпкер атанды. Адамгершілік пен мәдениеттілік – іскер адамға тән қажет қасиет. Осы аталмыш қасиеттер кәсіпкердің бойынан тұтынушылармен тіл табысып, жұмыс жасау арқылы да байқалады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Бала жанының бағбаны«Кәсіп ашып, оның жемісін көру үшін алдымен еңбек, сосын шыдамдылық пен сабырлық керек. Адам баласы мақсатқа жетудің ең тиімді жолын қарастырып, ізденгені абзал. Талап етпей, еріншектік танытып, аузыңды ашып тұрсаң дайын тамақ өзі келіп түспейді. Бәрі де еңбекпен шарықтап, қажырлы еңбек арқылы өрістейді»,- дейді үздік кәсіпкер Кідір Тажиманқызы.
Тұтынушылармен мәдениетті сөйлесіп, жылышырай көрсететін дүкен иесі келешекте өзінің қыз-келіншектерге арналған сұлулық салонын ашып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуді көздеп отыр.
Фариза ХАЙДАРОВА