Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.
Оның айтуынша, республиканың 4 өңірінде кәсіпкерлерді қолдайтын қор құрылады. Соның бірі – Алматы облысы. Қордың үлесінде 600 миллион теңге болады. 300 миллион теңге «Атамекен» тарапынан, тағы 300 миллион теңге облыстық әкімдіктен бөлінеді. Бизнес-жоспары бар кәсіпкерлер жаңа жылдан бастап осы қордан 1 миллион теңгеден жоғары көлемде еш кепілдіксіз несие алуына болады.
Тағы бір жаңалық, Ауыл шаруашылығы министрлігінен 1 миллиард теңге бөлінбек. Ол бірігіп жұмыс істеуге ниет білдірген кооперативтердің қызметін жандандыруға жұмсалады. Жетісу жерінде көкөніс пен картоп өсіретін осындай кооперативтер құрылады. Оларға қоймалар салынып, мұздатқыштар орнатылады.
BAQ.kz