Өткен сәрсенбі күні облыс әкімі Ералы Тоғжанов түрік делегациясын қабылдады. Кездесу барысында тараптар өңірдегі мұнай мен газ саласына инвестиция тарту мәселесін талқылап, серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Жиында аймақ басшысы Ералы Лұқпанұлы осы жылдың бірінші жартыжылдығында Түркия мен Маңғыстау облысы арасында 25,4 млн.доллар теңгенің көлемінде тауар алмасу жүзеге асқанын айтып, алдағы уақытта осы бағыттағы қарқын жалғасатынына сенім білдірді. «Би би энерджи» компаниясының бас директоры Адиб Вассатнэ компанияның даму тарихымен, қызметімен таныстырып, облысымызда битум зауытын салуды ұсыныс етті. Мұнай мен газ тасымалдау, электр энергиясын сату әне сауда, логистика саласында әлемде алдыңғы қатардағы компания өңірімізге 120 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отыр. Жаңа зауыт іске қосылғанда 160 жаңа жұмыс орны құрылмақ.
Облыс әкімі аталған компаниядан битум зауытын салуға және басқа да инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған жаңа жобалар күтетінін жеткізіп, инвестиция салынса әрқашан да қолдауға, бірге жұмыс жасауға дайын екендігін хабарлады. «Қазақинвест» ҰК» АҚ облыстағы филиалының басшысы Айнұр Тумышева келген қонақтарға Маңғыстаудың инвестициялық тартымдылығы жөнінде мағлұмат берді. Жиын соңында Маңғыстау облысы әкімдігі, «Биби Энерджи», «Энерво Энерджи», «Кассанов инвестмэнт групп» компаниялары арасында төртжақты серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.
Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="30710,30711,30712,30713,30714,30715,30716"]