Құрық порты паромды кешенінде порт әкімшілігінің бастамасымен аймақтық БАҚ өкілдеріне пресс-тур өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қонақтар делегациясын «Порт Құрық» ЖШС бас директоры Серік Ахметов қарсы алды.
Пресс-тур барысында журналистер бірқатар өндірістік нысандарды аралап, порт инфрақұрылымымен танысты.
Паром кешенінің Қолданыстағы порт инфрақұрылымы - 4 паромға бір мезгілде қызмет көрсететін теміржол және автомобиль айлақтарына, кіру арнасына, диспетчерлік қызметтің ғимараттары мен теңіз станциясына және кедендік ресімдеу пунктінен тұрады.
БАҚ өкілдері ең алдымен порт әкімшілігімен бірге теміржол мен автомобиль айлақтарын қарап шықты. Паром кешенінің аумағы функционалды түрде инфрақұрылымы бар теміржол паромдарына қызмет көрсететін аймаққа және вагон паромдарына қызмет көрсететін аймаққа бөлінеді. Теміржол айлығының өткізу қабілеті жылына 4,1 млн. Паромды өңдеудің толық циклінің орташа уақыты бір деңгейлі паром үшін 6-8 сағатты, ал екі деңгейлі паром үшін 10-12 сағатты құрайды, бұл тәулігіне 5-8 паромға дейін өңдеуге мүмкіндік береді. Паромдар 54 теміржол вагонына дейін тасымалдай алады.
Келесі нысан кедендік ресімдеу ғимараты болды. Бұл ғимаратта қонақтарға «Бір терезе» қағидаты бойынша қолайлы жүк тасымалын өңдеу технологиясы көрсетілді.
Өндіріс орындарын аралағаннан кейін Құрық портының бас директоры мен басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, оның барысында журналистер паромдық кешенді дамыту жоспарлары туралы толық ақпарат алды.
Кездесу кезінде порт басшылығы «Құрық - Иран порттары – Құрық» бағыты бойынша автопаром желілерінің ашылуы мен жұмыс істей бастағандығы туралы хабарлады. Осы бағыт брйынша Құрық порты ресейлік «Трансморфлот» компаниясымен бірлескен ынтымақтастық туралы келісім жасасқан еді. Келісім аясында RO-RO үлгісіндегі «Композитор Рахманинов» паромы - Амирабад / Анзали порттары - Құрық порты бағытында іске қосылды. Паромның бұл түріне 32 ауыр көлікке дейін (ұзындығы 17 м дейін) сыяды. Бұл бағыт нәтижесінде паром 9 рет Құрық портына келіп, тасымал көлемі 2,9 мың тоннадан асады.
Сондай-ақ, биыл мамырында Ро-Pax типті жаңа «Әзірбайжан» паромы Алят - Құрық бағыты бойынша портқа алғаш келіп кірген болатын. Паромның ұзындығы шамамен 154,5 метр , ені 17,7 метр . Бұл жаңа Ro-Pax кемелері өткізу қабілеті жағынан Каспийде бар паромдар арасындағы ең үлкені болып табылады.
Порт басшысы Серік Ахметов өз кезегінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Құрық портының даму стратегиясы аясында жаңа паром желілерін ашу және қолданыстағы бағыттарды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
«2022-23 жылға қарай порттың қуаттылығына 1,5-2 миллион тонна қосуды жоспарлап отырмыз. Біз бұл жобаларды инвесторлармен бірлесе отырып іске асырмақпыз. Олардың тарапынан да бұл мәселенің әлеуетіне үлкен қызығушылық бар», - деді Серік Жетпісбайұлы.
Құрық порты арқылы мұнай өнімдері, химиялық өнімдер, металл, халық тұтынатын тауарлар және т.б. өтеді. Сонымен қатар, азық -түлік, өнеркәсіптік жабдықтар, құрылыс материалдары және басқа да тауарлары импортталады. Сонымен қатар, әр түрлі жабдықтар, электроника, тоқыма, химия өнеркәсібі өнімдері, металл бұйымдары және басқалары өтеді.
Жалпы алғанда, порттың теміржол және автомобиль инфрақұрылымының қабылдау мен жедел қызмет көрсетуге толық мүмкіндігі бар.