©
Кәсіпкерлер назарына!
Статистикалық есептілікті тапсыру мерзімі жақындап келеді!
Сіздің назарыңызды аударамыз,
1-инвест (Негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп) -2018 жылдың 2-ші қазан күніне және 2-МП (Шағын кәсіпорын қызметі туралы) – 2018 жылдың 25-ші қазан күніне дейін формалары бойынша есептерді тапсыру мерзімі аяқталып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау немесе дұрыс емес деректерді ұсыну Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Әрбір респондентті, азаматтық сана-сезімді белсенді көрсетуге және мемлекеттік статистика органдарына қажетті статистикалық есептілікті уақытында тапсыруға шақырамыз.
Есте сақтасақ, уақытылы және статистикалық есептілікті дұрыс ұсыну-бұл ҚР-ның заңнамасының талабы ғана емес, өркениетті ұстанымның көрінісі, өңірдің макроэкономикалық көрсеткіштерін дұрыс көрсетуге мүмкіндік береді. Сайып келгенде, жалпы елдің бәсекелік қабілеттілік рейтингісіне оң әсер етеді.
Қажет болған жағдайда, Сіз респонденттермен жұмыс басқармасының келесі байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыз: 31-90-67, 31-91-88, 31-90-23, моб. 87754783759, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша статистика департаментінің ресми сайтында сілтеме бойынша іріктемелі зерттеу тізімінде қарай аласыз.
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және
сауда басқармасы,
Маңғыстау облысының
статистика департаментімен бірлесіп