Маңғыстауда журналистер арасында конкурс жарияланды
[ 2018 ] 22 тамыз, 05:26 | Хабарландыру
Журналистер арасындағы облыстық байқаудың ережесі
Журналистер арасында өтетін облыстық байқауы (бұдан əрі – Байқау) «Астана қаласының 20 жылдығы» және «Ақтау қаласының 55 жылдығы» аясында өткізіледі.
Байқаудың мақсаты журналистер қауымын Астана қаласының 20 жылдығы жəне Астана қаласының əлуеметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси өмірі мен жеткен жетістіктеріне жариялауға тарту, Астана қаласының Ақтау қаласының құрылуына қосқан үлесі, әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлеуметтік және саяси өмірі, және де Астана мен Ақтау қаласы арасындағы қарым-қатынастарда Ақтау қаласының даму жолдары, сондай-ақ журналистердің шығармашылық əлеуетін ашу жəне оларды ынталандыру болып табылады.
Байқаудың міндеттері:
- Əкімдік пен БАҚ өкілдері арасында серіктестік пен ынтымақтастықты арттыру;
- Журналистер назарын Астана қаласының 20 жылдығы жəне Ақтау қаласының 55 жылдығы мен Астана, Ақтау қалаларының əлуеметтік – экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси өмірі мен жеткен жетістіктеріне жариялауға аудару.
Жеңімпаздарды айқындау жəне сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік жіне қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Ақтау қаласы əкімдігінің қызметкерлері кіре алады.
Байқау комиссиясы сыйлық алуға талпынушылар мен дипломдар алушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:
- материалдардың объективтілігі;
- кəсібилік жəне мазмұндай шеберлігі;
- жұмыстардың шығармашылық толымдығы.
Байқауды өткізуді үйлестіру. Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының жанынан құрылған ұйымдастыру комитетіне (бұдан əрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.
Ашықтық.
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткерлерге, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже интернет ресурста және БАҚ-та жарияланады.
ІІ. Байқауға қатысу шарттары
Байқауға қатысушылар. Байқауға қатысуға жергілікті деңгейдегі барлық БАҚ-тар мен журналистер шақырылады.
Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы. Байкауға Астана қаласының 20 жылдығы жəне Астана қаласының əлуеметтік – экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси өмірі мен жеткен жетістіктері туралы материалдар қабылданады. 2018 жылғы 1 қаңтардан 2018 жылғы 15 қарашасына дейін жарияланған (жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері, түрлі жанрлардағы очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық жəне журналистік зерттеулер жəне тағы басқалар) немесе эфирге шыққан материалдар, қабылданады.
Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар: Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні жəне автормен байланыс жасау мəліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс. Материалдардың MS Word форматындағы электронды нұсқасы міндетті түрде болуы тиіс. Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.. Материалдар мемлекеттік жəне орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 15 қарашасы (алынатын күн). Ұсынылатын материалдарға БАҚ пен журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 см. суреті, ақпараттық материалдар тізімі қоса беріледі.
Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны. Бір БАҚ не журналист ұсынатын материалдардың саны 5-тен аспайды.
Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сəйкес емес жəне талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
Байқау материалдары байқауды Ұйымдастыру комитетінің мекенжайына 2018 жылғы 15 қарашаға дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нəтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.
Қорытындылау. Жеңімпаздарды жариялау келесі екі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:
-
Үздік телевизиялық сюжет;
- Баспа БАҚ-дағы үздік жарияланым;
ІІІ. Байқау материалдарын бағалау жəне іріктеу процедурасы
Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сəйкестік; жаңашылдық; мəселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сəйкестігі; сыртқы безендірілуі.
V. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері
Ұйымдастыру комитеті:
- байқау туралы осы ереженің талаптарына сəйкессіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;
- қандай да бір үміткерге қатысты байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.
Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
- барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
- байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
- байқаудың нəтижелері туралы мəліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
VI. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері
Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:
- байқауға түскен материалдарға баға беру;
- жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.
Байқау комиссиясының міндеттері:
- барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
- байқаудың нəтижелері туралы мəліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу; Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.
VII. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:
- байқаудың өту шарттары мен тəртібі туралы ақпараттар алу;
- ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;
- байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.
Байқауға қатысушылардың міндеттері:
- байқаудың мəн-жайымен алдын-ала танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;
- осы Ереженің талаптарына сəйкес рəсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;
- осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.
Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:
- материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;
- осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен рəсімдеулерді сақтамағаны үшін.
VIII. Медиа ресурстар
Байқауға ақпараттық қолдау жасауды ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.
Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты
Байқауды ұйымдастыру комитеті: «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры «Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының» тапсырысы бойынша.
Байқауға материалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтау қаласы, 34 ш/а, Достық үйі. тел. 87292310035, 87013358106.
Электронды пошта: zh.zhetistikteri@mail.ru
1283
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.