©
Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы запастағы офицерлерді жұмысқа шақырады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша әскери бөлімдерге 29 жасқа толған запастағы офицерлерді сотталмаған, денсаулығы жарамды азаматтар қабылданады. Келісімшартпен жұмысқа кірудің басымдықтарын атап айтсақ, лайықты жалақы, тұрғын үй жалдау өтемақысы, киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, өзіне және отбасы мүшелеріне әскери медициналық көмек, балаларын мектепке дейінгі мекемелерге (балабақша) және мектепке кезектен тыс тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналастыру. Әскери қызметшілерге 45 тәулік негізгі демалыс беріледі. Демалысқа шыққанда 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған ақшалай жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар әскери қызметтен босаған және күнтізбемен есептегенде 20 және оданда көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер өзі тұрған үйін тегін меншікке алуға құқылы. Осы тұрғыда әскери қызметке қызығушылық танытқан, запастағы офицерлер өтініш білдіріп жұмысқа кіре алады. Келісімшарт бойынша жұмысқа кіру үшін толық ақпаратты: Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 2 ғимарат Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан және ЖӘБО-нан алуға болады. Байланыс телефондары (87292) 43-32-57 (107)