Маңғыстау облысы тұрғындарының назарына!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2022 жылдың 19 ақпан күні сағат 10.00-де «Абай» атындағы мәдени-демалыс кешенінде Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың облыс тұрғындары алдындағы қорытынды есеп беру кездесуі өткізіледі.
Сіздер барлық сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды және ескертпелеріңізді mangystau.gov.kz сайтына, esep2022@mangystau.gov.kz электрондық поштасына,esep2022МО телеграм-боты арқылы облыс әкімінің блогына, сондай-ақ төмендегі көрсетілген орындарға орнатылған арнайы жәшіктерге салу арқылы жолдай аласыздар.
Сонымен қатар, 2022 жылдың 18 ақпан күні сағат 09.00 - 18.30 аралығында Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында (34 шағын аудан) облыс әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Қабылдауға жазылу бойынша 11 ақпанға дейін esep2022@mangystau.gov.kz поштасына жолдау арқылы және қосымша ақпараттар бойынша 8/7292/33-52-22, 8/7292/31-42-61 телефон номірлеріне хабарласу арқылы жазыла аласыздар.