Құрметті клиенттер!
"Қазпошта" АҚ 2022 жылдың 10 қаңтарында пошта бөлімшелері Алматы қаласынан басқа, интернет-байланысы жұмыс істеген сағаттарында зейнетақы мен жәрдемақы беруді штаттық режимде іске асыратынын хабарлайды.
Алматы қаласындағы бөлімшелер жұмысының жаңартылуын қосымша хабарлаймыз.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы бөлімшелер 9-дан 15:00-ге дейін, Алматы облысындағы бөлімшелер 10:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істейді.
Банкоматтарды қолма-қол ақшамен толтыру бойынша жұмыстар басталған. Осы орайда Қазпошта клиенттері 10.01.2022ж. бастап ақшаны бөлімшелерде, сондай-ақ банкоматтардан шеше алады.
Сонымен қатар, Қазпоштаның "Оңтүстік" Ақпараттық-логистикалық орталығының Қазақстан бойынша магистралдық маршруттарды іске қосып жатқанына байланысты компания 2022 ж. 10 қаңтарынан бастап пошта жөнелтілімдерін қабылдау мен өңдеуді қайта бастайды.