Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес ОНЛАЙН ЖӘРМЕҢКЕ өткізіледі.
Аталған жәрмеңке, 30.11.2021ж. сағат 14:30-да Департаменттің әлеуметтік желідегі парақшаларында (фейсбук, инстаграм) онлайн форматта тікелей эфир арқылы өтеді.
Онлайн жәрмеңкеде, Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызмет көрсететін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің жауапты тұлғаларымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріледі.