26 қаңтар күні Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен Өмірзақ ауылының әкімі Ербол Сарыев Өмірзақ ауылы тұрғындары алдында есеп береді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Есеп беру елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сағат 16:00-де онлайн режимде өтеді.
Сұрақтар мен ұсыныстарды «Esep.aktau2021@gmail.com» поштасына, фейсбукте «Ақтау қаласының әкімдігі» парақшасына, инстаграммда «aktau_akimat» парақшасына, телеграмдағы «Ақтау қаласының әкімдігі» каналына алдын-ала немесе есеп беру кезінде жолдасаңыздар болады.
Айта кетейік, есеп беруді тікелей эфирде фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Ақтау қаласының әкімдігі» парақшасынан көре аласыздар.