Шағалалар жақсы ұшады, жүзе алады, бірақ суға сүңги алмайды. Олардың қанаттары ұзын, аяқтары қысқа, аяқ саусақтарының арасы жарғақты. Ұясын жерге, шың басына немесе судағы жартасқа шөптен жасайды екен. Олардың негізгі қорегі - жәндіктер, шабақтар, тышқан тәрізді кемірушілер мен балықтар. Шағалалар осы қорегін ауада ұшып жүріп аулайды. Қазақстанның кез келген су алабында шағалалардың 9 түрі кездеседі. Олардың ең ірілерінің бірі — дуанбас болса, ең майдасы — кіші шағала. Сондай-ақ қылаң шағала, көл шағаласы, қытайлық кіші шағала деген түрлері бар. Каспий теңізінде кәдімгі шағалалар мекен етеді. Кәдімгі шағала 2-3, кейде 1-4 жұмыртқа салып, 22-24 күнде мамық қауырсынды, шұбар балапан шығарады. Кәдімгі шағала әр түрлі омыртқасыздарды, ұсақ балықтарды, ұсақ кемірушілерді жейді. Кәдімгі шағала - жыл құсы.Ол Атлант мұхитының Еуропа жағалауынан Африкаға дейін, Жерорта теңізі, Қара теңіз, Каспий, Қызыл теңіз жағалауында, Оңтүстік-Шығыс Азияда қыстайды да, көктемде қайтып келеді. Каспий теңізіне де шағалалар мекен етеді.
Уикипедияның ақпараты пайдаланылды.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="68432,68431,68430,68429,68428,68427,68426,68425,68424,68423,68422,68421"]