1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында 7292info.kz сайты бүлдіршіндердің үздік фотосуреттері арасында байқау өткізді. Байқауды ұйымдастыруға қолдау білдірген – «Маңғыстау Медиа» ЖШС және Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы. Байқаудың мақсаты – сәбилердің мерекесін көңілді атап өту, оларға және ата-аналарына жақсы көңіл-күй, қуаныш сыйлау. Адамның бір қызығы бала деген, Баласыз көңіл шіркін толар ма екен, - деп ұлы Абай бір ауыз сөзбен түйіндегендей, біздің бар қызығымыз осы – балалар. Олар – көңілдің гүлі, көздің – нұры. Бүлдіршіннің әр күнін шаттыққа бөлеу – ең басты міндет. Себебі оның жүзіне үйірілген күлкі – ата-ананың шексіз бақытына себепші. Байқаудың шарты бойынша, 7 жасқа дейінгі балалардың күлкілі, тосын жағдайда түскен фотоларын редакцияға жолдау керек. Өтініш білдірген 100-ден аса суреттің үздік деген 18-і дауыс беруге қатысты. Оның ішінен 5 бүлдіршіннің суреті оқырманның көңілінен шығып, басым дауысқа ие болды. Олар: Ақнұр Қашаған – Бас жүлде (373 ұпай); [caption id="attachment_27498" align="aligncenter" width="1024"] [/caption] Қоныс Еңлік – 1 орын (305 ұпай) ; Рашид Көркем – 2 орын (240 ұпай); Өтеген Ілияс – 3 орын (219 ұпай); Үмітай Бейсенова – ынталандыру сыйлығы (140 ұпай); Маусым айының 7-сі күні теңіз жағалауында сайыс қорытындыланып, марапаттау рәсімі өтті. Шараға «Маңғыстау» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Журналистер Одағының мүшесі – Ғалым Әріп, танымал эстрада әншісі, жерлесіміз – Бердібек Құлғараев келіп, бүлдіршіндер мен ата-аналарды құттықтады. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар мен «MARWIN» балалар тауарлары дүкенінің қаржылай сертификаттары табысталды. Шара соңында естелікке суретке түсіп, сыйлыққа ие болған тұрғындар мәз-мейрам болып тарқасты. 7292info.kz сайты оқырмандарына қуаныш сыйлауға әрқашан әзір. Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын табатын болады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[caption id="attachment_27508" align="aligncenter" width="1024"] Ақнұр Қашаған анасымен[/caption] [caption id="attachment_27512" align="aligncenter" width="1024"] Ақнұр Қашаған әкесімен [/caption] [caption id="attachment_27506" align="aligncenter" width="1024"] Рашид Көркем анасымен[/caption] [caption id="attachment_27502" align="aligncenter" width="1024"] Өтеген Ілияс[/caption] [caption id="attachment_27501" align="aligncenter" width="1024"] Бейсенова Үмітай[/caption]