• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Байқау қатысушысы Мақпал Сүйінбай

    [ 2018 ] 25 маусым, 01:07  |  Байқау

    ©

    Журналистикаға қызығатын жастар арасында ұйымдастырылған байқаудың қатысушысы —

    Сүйінбай Мақпал Саматқызы

    Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 4 курс студенті. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, генерал Тәттібай Дүйсебайұлы ауылының тұрғыны. Байқау ережесін мына сілтемеден оқи аласыз.   Құт қонып, қыдыр дарыған, қасиетті менің мекенім!

    Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

    Батырлар дүрілдеп өткен жер,

    Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

    Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

    Бас иіп, иіскеп топырағын,

    Тағзым жасамай өтпеңдер – деп қазағымның белді тұлғаларының бірі Мұқағали атамыз жырлап кеткендей, менің туған жерім – қасиетті, құтты қоныс. О шеті мен бұл шеті көк аспанмен астасып жатқан, Алатаудың баурайында орын тепкен киелі мекен, кіндік қаным тамған жер – Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Шақпақ ата ауылдық округіне қарасты генерал Тәттібай Дүйсебайұлы ауылы. Ауылым мені құшағында еркелетіп өсіріп қана қойған жоқ, дала тәлімін, тәрбиесін берді. Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп. Ондағы жасыл түгі басылмай керіліп жатқан кермиық кең дала мені сабырлылық пен салмақтылыққа, кеңпейілділікке тәрбиеледі. Ал жаныңа тыныштық сыйлап, анда-санда әрлі берлі сипай өтіп, қытығыңа тиетін барары мен келері беймәлім ерке жел еркіндікке үйретсе, сыңғыр күлкісі еріксіз елітетін бұрымды тау сулары бір байыппен сылдырай ағып, сабырлылық пен байыптылыққа баулыды.

    Төбесі көкті тіліп, бұлтпенен сырласқан маңғаз таулардан рухани биіктікті, жайқалған жасыл желегінен өмірге деген сүйіспеншілікті, жылы жүзділікті, қыбыр-жыбыры таусылмас жәндігінен еңбекқорлықты, көк аспанда қалықтаған қыран құстарға қарап, мақсатқа қарай еркін самғауды үйрендім. Қарап тұрсақ, адамдықтың өзін еңбегінің өтеуін сұрамайтын аңғал даладан үйренеді екенбіз. Туған жер төсінен жырақта жүріп, сағынып келіп құшағына ден қойғанда еріксіз елжіреп, тұла бойыңның шымырлайтыны да туған топырағыңды аңсағаннан ғана емес, оның көкейіңе салған адамдық ұстанымын да сағынғандықтан болар. Есіңе түсе қалса көңіл қобызыңды беу-беулетіп, жүрек отын жағатын дүниені

    Туған дала төсіне жүгіріп шығып айналаңа көз салсаң, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атамызша: «Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!» - демеске еш шараң қалмайтындай.

    Тарихы тұнған – қазына. Тәттібай ауылының бұрынғы атауы – Амангелді. 2004 жылдан бастап ауылға генерал Тәттібай Дүйсебайұлының аты берілді. Соғыс ардагері. Милиция генерал-майоры. Ел ішінің сыйлы да құрметті азаматы болған.

    Сонымен бірге ел арасында біздің ауылды саудагерлер ауылы деп те атайды. Шөбі шүйгін, мал жайылымына жақсы болғандықтан генерал ауылының аты қазіргі таңда дүркіреп тұр. Осы сәтте жерұйықты іздеген Асан қайғы бабамыздың «Басқаларын қисам да, Жуалыны қимайсың. Бөктерін алып кетер ем, ат сауырына симайсың» деген толғауы амалсыз еске оралады. Ішсең сусын, мінсең көлік болатын жылқы малымен қоса төрт түлік малдың түр-түрі өсіріліп бапталады. Жайқалған алма бақтары тағы бар. Көкеніс өсіретін бақшалары көз жауын алады. Бір сөзбен айтқанда «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - дейді менің атажұртым. Еңбектеген бала мен еңкейген қартқа дейін еңбекқор.

    Мұнда туып өскен білімді, білікті азаматтар өте көп. Олар соғыс ардагерлері, социалистік еңбек ерлері, аудан соғысының ардагерлері, ауылшаруашылық ұжымның білікті басшылары, білім ордасының басшылары тағы басқа айта берсек өте көп.

    Қазіргі кезде ауылда пенденің жүрегіне имандылық ұялатын мешіт, жас ұрпақты білім нәрімен сусындататын алтын ұя мектеп бар.

    Рухани жаңғыру – біздің мекеннің басты мақсаты. «Қар-Алма» аталатын тау шаңғы кешені жобасы биылғы жылдан бастап қолға алынды. Кешен құрылысына атсалысуға ниетті кәсіпкерлер күні ертең білек сыбана іске кірісуге әзір. Облыста ішкі туризмді дамытуды назарға алған жергілікті билік кәсіпкерлердің көмегімен мегажобаны жүзеге асыруды бастады. Сонымен қатар, мұнда келушіге сапалы қызмет көрсетуге қабілетті нысандар да бой көтереді. Мәселен, тау бөктеріне жанға жайлы демалыс үйлері салынады. Әрі олардың сәулеттік келбеті біркелкі болады. Тағы бір айта кетерлігі, «Қар-Алма» кешені өз келушілеріне жылдың төрт мезгілінде де қызмет көрсете алады. Жаздың жайма шуақ күндері жамбылдықтар мен басқа да шет жақтан келген қонақтар атқа мініп серуендеп, бал татыған қымыздың дәмін тата алады.

    Қазірдің өзінде, кәсіпкерлер он шақты коттедж салуға ниет білдіріп отыр. Ауылымның қысы жайлы, ауасы таза, табиғаты ерекше болғандықтан тау шаңғы кешенін салу қызу түрде өз жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ ауылдың тау-тасының кереметтігі мен жайқалған бау-бақшасы сырттан келген туристерді қызықтырмай қоймасы анық.

    Әр жылдары ауылды көркейтуге еңбек адамдары белсене ат салысуда. Ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолын жалғастыру біз секілді жастардың қолында. Ауылымның ауасына жететін ештеңе жоқ шығар, сірә. Туған жердің топырағы да ыстық деп бекер айтпаса керек бабаларымыз.

    Қазағымның әрбір жері өте қымбат, әрі қасиетті. Десек те туған өлкеге жетер жер бар ма бұл ғаламда. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас демекші, кіндік қаның тамған жердің орны бөлек болады екен. Кейде тауға шығып, қиялыма ерік беріп, қыран құспен бірге қалықтап ұшқым келетін сәттер де болады. Тіпті бірде біздің тауда «Менің балалық шағымның аспаны» деп аталатын елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған фильм де түсірілді. Сонау биік шыңды бағындырған елбасы туралы фильмнің түсірілуі, одан сайын менің мақсатымды таудай қылып өсірді. Жүрегіме от жақты, қиялыма қанат бітірді. Осындай көріністердің өзі менің ауылымның табиғатының ерекшелігі.

    7552
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    байқау
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Байқау қатысушысы Зияда Тініқұл

    Келесі жаңалық

    Байқау қатысушысы Айнұр Бабасқызы 

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Ұлы дала»: «AMANAT» партиясының дәстүрлі байқауы бастау алды

      7 тамыз, 14:56
      396

      «Берекелі отбасы» Республикалық байқауы жарияланды

      [ 2020 ] 16 сәуір, 15:01
      2183

      ӘМСҚ журналистер арасында конкурс өткізеді

      [ 2019 ] 20 қараша, 05:12
      2637

      Жас аналар арасында байқау жарияланды

      [ 2019 ] 14 тамыз, 09:27
      2491

      «Көлігіңді онлайн тіркеп, жаңа дөңгелек ұтып ал»

      [ 2019 ] 1 тамыз, 17:21
      1770

      Үстірт қорығы алабарысқа ат қою үшін байқау жариялады

      [ 2018 ] 13 желтоқсан, 06:24
      2238

      Рубрикалар

        БайқауҚұқықСараптамаТүпқарағанЭкономикаАудан тынысыАуыл өміріАшық қоғам

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3229

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2983

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2822

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3280

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3091

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3065

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»