Б А Й Қ А У❗  Б А Й Қ А У❗  Б А Й Қ А У❗

«Маңғыстау-Медиа» ЖШС жас журналистер арасында байқау жариялайды. Байқау 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында журналистикаға қызығатын жастар арасында ұйымдастырылып отыр.

«Туған өлкем» тақырыбында жазылған мақалаңыз бен бейнесюжетті жолдай аласыз. Автордың өз туған өлкесі, ауылы, тарихы, əдебиеті мен мəдениеті, тұлғаларын қамтуы ескеріледі.

Байқау шарттары:

Басты шарт — материал бұған дейін еш жерде жарияланбаған болуы тиіс!

Туындылар төмендегі аталымдар бойынша қабылданады:

— «Үздік бейнеролик» (уақыты 5 минуттан аспауы тиіс);

— «Үздік мақала» (14 шрифтімен А4 форматындағы 3-4 беттен аспауы керек).

Байқауға 15-25 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. (Кəсіби журналистердің материалдары қабылданбайды).

Материалдар 25 маусымға дейін 7292info.kz@gmail.com мекенжайына қабылданады. Бейнероликті мына нөмірге жолдай аласыз: 8 747 365 17 25

Сайтта ең көп қаралым жинаған жұмыс байқау жеңімпазы болады. Сондай-ақ кəсіби журналистерден құралған əділ қазылар да Арнайы сыйлықтың иегерін анықтайды.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Еңбектері 7292info.kz сайтында жарияланады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз