©
Журналистикаға қызығатын жастар арасында ұйымдастырылған байқаудың қатысушысы —
Әлішер ХАБИДОЛЛА
Бейнеу лицейінің 10 сынып оқушысы. Журналистік жолға өте ерте қадам басқан. 8-сыныптан бастап спорт журналистикасына қызығып, осы салада қызмет етіп жүрген Ермұхамед Мәулен, Ержан Көшкінбаев сынды ағаларынан сабақ алған. 2018 жылдың ақпан айында Астана-Спортинг ойынына спорт журналисі болып барып қайтты.
«Бір қызығы сол жерде бүкіл Қазақстан бойынша "ең жас спорт журналисі" мен екенмін. Ол маған үлкен қуаныш болып, бойыма жаңаша қуат берді», - дейді ол.
Әлішер бүгінде футбол туралы видеолар жасап жүр. Осы салаға енді-енді төселіп келе жатқан жас буын өкілі.
Байқау ережесін мына сілтемеден оқи аласыз. https://youtu.be/omm1WHpD_G0