• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 19 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

«Таза сайлау» бақылаушылары Маңғыстауда...

Қала тұрғындары сайлауда белсенділік танытып жатыр...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

  • USD: 420.29 ₸
  • EUR: 506.87 ₸
  • RUB: 5.66 ₸

Аудан дамуы тұрақты

[ 2020 ] 7 ақпан, 14:54  |  Түпқараған

Таяуда Түпқараған ауданы әкімі Айбек Қосуақовтың ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2020 жылға арналған міндеттер туралы халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Бас қосуға облыс әкімі С.Трұмов, облыстық және аудандық басқарма басшылары, барлық деңгейдегі халық қалаулылары, жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты. Есеп беру жиынында аудан аумағында былтыр атқарылған көлемді іс-шаралар мен жүзеге асқан жемісті жобалар жайы баяндалды.

Түпқараған ауданының барлық елді мекендерінде аудан, қала, ауыл әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері өтті.

Аудандағы халық саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға өскен, қазір 32 432 адам тұрып жатыр. Бұл көрсеткіш инфрақұрылымды дамытуға байланысты өткір сауалдар болғанымен, ауданның ел­ді мекендерінде халықтың қоныстануына қолайлы жағдайлардың бар екендігін көрсетеді.

Бөлінген бюджеттің 4,5 пайызы әлеу­меттік қорғау саласына, 37 пайызы білім беруге, 2 пайызы мәдениет пен спортты көтеруге, 25 пайызы инфрақұрылымды да­мыту мен ұстауға, коммуналдық қызмет са­ласына жұмсалған.

Білім саласы қарқынды дамуда

Түпқараған ауданы бойынша 8 159 бала­ны қамтитын 10 жалпы білім беру ұйымы қызмет етуде, онда 811 мұғалім дәріс береді.

Талапқа сай мектептегі мұғалімдердің 51,2 пайызы жаңа білім беру бағдарламала­ры бойынша курстардан өткен.

Аудан әкімінің сөзінше, ауылдық елді ме­кендерге келген жас мамандар үшін «Дип­ломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде 40 маман көтерме жәрдемақы, 23 маман бюджеттік несие алған. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.

«Ақшұқыр мектеп-­лицейінде қалыптасқан үш ауысымдағы оқуды жою мақсатында Ақшұқыр ауылының 14 шақырымынан 600 орындық мектептің құрылысы басталды. Оқу ордасы жаңа оқу жылында пайдалану­ға берілетін болады. Сонымен бірге Сайын Шапағатов ауылдық округіндегі тұрғындар санының өсуіне байланысты 1 200 орындық мектептің құрылысына жоба жасақтауға тапсырыс берілді.

Бүгінде ауданымызда 22 балабақша жұ­мыс істеп тұр. Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді түгелге жуық балабақша­мен қамтуға қол жеткізілді.

2018-­2019 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданның білім беру мекемелері сапалық көрсеткіштерін тұрақты ұстап, ба­лаларды жазғы демалыспен және еңбекпен қамтуды өз деңгейінде ұйымдастырды.

«Педагог мәртебесі» туралы заңның қа­былдануы ауданның білім беру қызмет­ керлерінің мәртебесін көтеріп қана қоймай, жаңа кезеңнің талаптарына сай келетін жауапкершілікпен жұмыс істеуге жол ашады деп ойлаймыз және үздік жетістіктерге же­тулеріне тілек білдіремін», – деді баяндама барысында аудан әкімі А.Қосуақов.

Кәсіпкерлік өркен жаюда

Шағын және орта бизнес саласының субъектілерінің саны 2 049 бірлікті құ­рады, ол 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға жоғарылаған. Соның ішінде, белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 842 бір­лікке жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға көбейген. – «Бастау бизнес» жобасы бойынша жыл ішінде 274 азамат оқып, оның 235­-і сертификаттар алып, 58 пайызы бизнес жобаларын қорғап шыққан. Азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасының өскені байқалды, оқуға қабылданғандар саны да, бизнес жобаларын қорғаушылар да алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір көбейді, – дейді аудан әкімі.

Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес бастамаларын қолдау» бағыты бойынша пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау жолымен 1 млрд. теңге тұратын 15 жоба мақұлданған. Олардың арасында «Ақтау­-Агро» ЖШС­-ның құс фабрикасын инженерлік инфрақұрылыммен жабдықтау жобасы бар.

Ал «Nur kapital» өңірлік бағдарламасы аясында 11 жоба мақұлданып, 252,8 млн. теңгеге банктен қаражат алып, мемле­кеттік субсидияға ие болған және «Бизнес 3 күнде» жобасы маңызды жүзеге асып, үй шаруасында отырған 20 азамат кіші бизнес орындарын ашып, жұмыстарына кіріскен.

Өнімдеріміз қажеттілікті өтейді

Ауданның ауыл шаруашылығы соңғы уақытта қарқынды дамып келеді. Күні бүгінде 317 шаруа қожалығы қызмет іс­тейді. Соның ішінде 286 шаруашылық мал өсірумен шұғылданса, 31­-і егіншілікпен айналысады. Өткен жылы төрт түлік мал басының өсуінде де, өнім өндіруде де ілгері­леу болды. Мал мен құстың сойыс салмағы 2018 жылмен салыстырғанда 101,3 пайызға өсіп, оның көлемі 594,2 тоннаны құраған.

«Ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі жобалардың бірі – «Ақтау-Агро» ЖШС­-ның құс фабрикасы. Ол биылғы 2020 жылы іске қосылады деп күтілуде. Мұнда өнді­ріс толық қуатына шыққан кезде жылына 5 мың тоннаға дейін өнім өндіретін болады. Мал ауруларының алдын алу, егу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Жылдың соңғы жағында түйе малынан күл ауруы шыққан, оның да шаралары алынып жатыр. Алда аудан тұрғындарын өз жеріміз­ден шығарылған нанмен, етпен, сүтпен, балықпен, көкөніспен қамту, сондай-­ақ халық көп тұтынатын азық­-түлік тауарлар бағасын шамадан тыс көтермеу жайы есепке алынатын бола­ды», – деп мәлімдеді А.Қосуақов.

Әлеуметтік мәселе әлеуеті

Аудан бойынша халық­ты ауыз сумен қамту тұрақты бақылауда тұр. Өткен жылдың жаз айла­рында Ақшұқыр, Сайын, Форт, Баутин елді мекендерінде су жетіспеушілігі орын алған. Сол себепті «Нұрлы жол» бағ­дарламасы бойынша 1,4 млрд. теңге несие бөлініп, Форт-­Шевченко қаласы мен Баутин ауы­лына ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда ұзындығы 72 ша­қырым аудандық маңыздағы автожолдар бар. Оның үштен бірі ғана асфальтталған, қалғаны – жайдақ қатқыл табанды жол. Көше жолдарын салу тура­лы халықтан сұраныс басым. 2019 жылы Ақшұқыр ауылынан жоғарғы және төменгі бөлігі деп аталатын екі жоба – автомобиль жолдарының құрылысы басталған.

С.Шапағатов ауылдық округінің авто­мобиль жолдарын асфальттау бойынша екі жоба, Форт­-Шевченко қаласындағы 6 көшенің ұзындығы 10 шақырым авто­мобиль жолының құрылысына жобалық­-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жолданған. Са­раптама қорытындысы дайын болғаннан кейін аталған жолдардың құрылысын қаржыландыру көзделуде.

Сонымен қатар С.Шапағатов ауылының жаңа 6 орамындағы жаңа тұрғын үйлерін, Форт-­Шевченко қаласының Жаңа Кетік аумағындағы 900 учаскені газбен жабдық­тау құрылыстары да басталып, биыл одан әрі жалғасады.

Аудан басшысы өткен жылы ауданның елді мекендеріне демеушілік көрсетіп, әлеуметтік нысандар салған шетел­дік компаниялар мен жеке кәсіпкерлер С.Мұсабаев, А.Жолдыбаев, А.Керелбаев, Н.Сәрсенбай, А.Төлеумағанбетов, Р.Рыс­мұқамбетов, А.Нәбиев, Қ.Озғамбаев, со­нымен қатар туған жерлерін көркейтуге, өнерпаздар мен спортшыларды қолдауға қатысып жүрген барлық кәсіпкер аза­маттарға, алғысын айтып, аудан тұр­ғындары атынан ризашылығын білдірді.

Жұмыссыздықты жою – қоғам талабы

Ауданда тұрғындарды жұмыспен қамтуда 2019 жылы 2 401 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 1 143 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылса, 1 258-­і уақытша жұмысқа орналасқан. Соны­мен қатар жастар практикасына 114 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 56 адам, қоғамдық жұмыстарға 128 адам жолданған.

Есептік кезең соңында тіркелген жұ­мыссыздар саны 273 адам болса, оның ішінде 96 азамат әлеуметтік төлемдер алып отыр.

Халық денсаулығы ұдайы бақылауда

Өткен жылы ауданда 1 033 сәби өмірге келіп, туу көрсеткіші 32,4 промиллді құраса, ана өлімі фактісі тіркелген жоқ. Алайда жас сәбилердің шетінеу фактісі бар. Ауданда денсаулық сақтау мәселесі бойынша туберкулезбен, қан айналым жүйесімен, онкологиялық аурулармен сырқаттанушылар тіркелген.

«Биылғы жылдың басынан медицина­лық сақтандыру жүйесіне көштік. Бұл алда азаматтарға сапалы дәрігерлік көмек алуға пайдасын тигізеді деп есептеймін. Ауданда медициналық қызмет көрсету мекемелерінің жүйесі халық санына сай келеді. Аудандық емхана күрделі жөндеуден өтті. Сәйкесінше жаңа көліктер, жаңа жабдықтар алынса, 2019 жылы 5 жас маман жұмысқа қабылданды. Ал жыл қорытындысы бойынша халық дәрі­-дәрмекпен толықтай қамтылды», – деп атап өтті аудан басшысы.

Тұрғындардың өтініші тыңдалды

Есептік кездесуде сөз алған аудандық Ар­дагерлер кеңесінің мүшесі, қала тұрғыны Мұстахи Жантуар өз ұсыныс-­пікірі ба­рысында ауданға жүз адамды тұрақты қамтитын өнім шығаратын кәсіпорын са­луды және бюджеттен салынған үйлерді жекешелендіріп беру тоқтап қалғандығын алға тартып, облыс әкімінен осы мәселелердің орындалуын өтінді. Одан кейін арыз­-шағымдары бойынша кезек­-кезек сөз алған аудан тұрғындарына аудан басшысы заңға сай жауап берді.

Есептік кездесуден соң облыс әкімі Серікбай Трұмов сөз сөйлеп, аудан бойын­ша қордаланған бірнеше мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар тұрғындар та­рапынан түскен сауалдарды тыңдап, жа­уапты мамандарға тиісті тапсырмаларын жүктеді.

Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ

1670
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Аудан тынысы Түпқараған
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Түпқараған ауданының әкімі құс фабрикасына барды

Келесі жаңалық

Түпқараған ауданының әкімі халық алдында есеп берді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Мұрын жырау музейінің қоры құнды жәдігерлермен толықты

    12 қаңтар, 11:44
    321

    Сайын Шапағатовта мекен-жай тақтайшалары орнатылып жатыр

    5 қаңтар, 09:37
    242

    Форт-Шевченкода жәрмеңке өтіп жатыр

    [ 2020 ] 30 желтоқсан, 14:31
    282

    Түпқарағандық оқушылар жеңімпаз атанды

    [ 2020 ] 28 желтоқсан, 14:10
    297

    Түпқарағанда абаттандырылған жағалау ашылды

    [ 2020 ] 22 желтоқсан, 12:10
    423

    Түпқарағанда Мұрын жырау музейі ашылды

    [ 2020 ] 15 желтоқсан, 09:40
    575

    Рубрикалар

      Аудан тынысы Маңғыстау жаңалықтары Сұхбат Ауыл өмірі Анықтама бюросы Жастар беті Жарнама Маңғыстау Сараптама Жаңалықтар анонс Әлем жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Алексей Цой эпидахуал бойынша 2021 жылдың соңына дейінгі болжамды жария етті

    Бүгін 09:48
    12

    Маңғыстауда тағы 2 адамнан коронавирус анықталды

    Бүгін 09:22
    5

    Жаңа Үкіметтің құрамы белгілі болды

    Кеше 16:59
    89

    Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі 5 маусымға дейін ұзартылды

    Кеше 15:52
    80

    Қарақиялық ұстаз арнайы интернет канал арқылы сабақ жүргізеді

    Кеше 14:07
    109

    Облыста кеше 2 адам коронавирустан жазылды

    Кеше 10:54
    66

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»