Түпқараған ауданында 50 және 57 жастағы науқасқа ота жасалды. Науқастың біріне кіндік жарығы (грыжа), ал екіншісіне өт қабын алу (холецистоктомия) диагнозы қойылған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Отаны хирург Талғат Мұқантаев пен Қанат Измайлов жасады. Сонымен қатар анестезиолог-дәрігерлер Нұрлыбек Жалғасбаев пен Хадис Бейбит қатысты.
Дәрігерлердің айтуынша, кіндік жарығы балаларда көп кездеседі. Кейде үлкен кісілерде де кездеседі. Асқынып, қарапайым әдістермен емделмеген жағдайда хирургиялық әдіспен емделеді. Сондықтан 50 жастағы науқас үшін ота жасау шешімі қабылданды. Өт қабын алу отасы науқастарға жиі жасалады.
Екі науқастың да отасы сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастар үйге шығарылды.