• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 18 Мамыр 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы ш...

Бейнеу түлектері бір отбасыға баспана кілтін табыстады...

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сот үк...

Бауырлас халықтан сәлемдеме

Маңғыстаулық екі балуан "Қазақстан барысына" жолдама алды...

  • USD: 427.41 ₸
  • EUR: 519.47 ₸
  • RUB: 5.78 ₸

Отбасы – Мемлекет құндылығы, қоғам бірлігі

[ 2020 ] 12 қыркүйек, 18:22  |  Мұнайлы

Елбасы 2013 жылдың 1 наурызында «Отбасы күнiн» тағайындау және оны қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде атап өту жөнiнде Жарлыққа қол қойған едi. Міне, содан бері жыл сайын қыркүйек айында Отбасы күні аталып өтеді.

Отбасы күні белгіленген мерейлі күні өткізумен шектелмейді. Отбасыңмен аман-есен қауышып, олармен өткізген әрбір бақытты кезді «Отбасы күні» деп алуға болады. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп, өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, басқа адамдармен қарым-қатынасын, мәдениетін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Сондықтан отбасы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан отбасындағы татулық, сыйластық, тәрбие бала жадында сақталады. Ата-ананың тәрбиесін «Қоғамдық тәрбиенің ең тиімді» деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдату, аға ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – әке-шешенің ең маңызды міндеті. Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқаруы, бір-бірін құрметтеп, сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдықтың бүгінде құлдырауына байланысты қоғамда бірқатар керітартпа әрекеттің пайда бола бастағанын байқауға болады.

Оның бірі – қазіргі тұрмыс құрған жастардың ажырасуға деген бейімділігі. Елбасы Н.Назарбаев Жастар жылының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде «Жастарды жаңа әлеуметтік рөлдерге және отбасылық өмірдің шынайылығына дайындау қажет. Мұны орта мектептердің жоғары сыныптарынан бастау керек. Ана институтын қолдаумен бірге әке институтын дамыту, жасөспірімдердің өз отбасына жауапкершілік сезімін қалыптастыру маңызды. Отбасылық қатынастардың барлық аспектілері бойынша қолжетімді психологиялық және консультациялық көмекті қамтамасыз ету қажет. Отбасылардың ажырасуы біздің ерекше алаңдаушылығымызды тудыруда. Ғалымдар, қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары бұл мәселеге елеулі назар аударуы тиіс», - деп атап өткен еді.

Бірақ ажырасу саны күн санап артпаса, азаяр емес. Отбасы – баланың әлеуметтенуінің алғашқы факторы. Толық емес отбасында бұл процесс отбасының қалыпты құрылымының жоқтығынан өзгереді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, кішкентай бүлдіршіндердің ата-анасының ажырасуы салдарынан психологиялық зардап шегетіні анықталды.

Мұнайлы ауданы – мүшелден енді ғана асқан жас аудан. Соған қарамастан халық саны күн санап, артуда. Аудан құрылғанда 40 мыңға жуық халық болса, қазір 170 мыңнан асады. Осы жас аудан облыс көлемінде халық санынан да бала туу көрсеткіші жағынан да алдыңғы орында. Атап өтер болсақ, 2019 жылы 4248 бала өмірге келсе, 2020 жылдың бүгініне дейін 2971 бала дүние есігін ашты. Сонымен қатар жаңа отбасы қатарына қосылып, шаңырақ көтергендер саны да артуда. Ауданда 2019 жылы 962 отбасы шаңырақ көтерсе, неке бұзғандар саны 303-ке жеткен. Ал 2020 жылдың бүгініне дейін 440 неке қиылса, 71 отбасы некесін бұзған. Биылғы пандемия кезінде неке бұзушылар саны азайғанын көруге болады. Некенi бұзу туралы талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж салығының жоғарылауы ерлі- зайыптылардың ажырасуға деген ниетін төмендету шараларының бірі болары анық.

Мысалы, көрші мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, ажырасу көлемі 10% шамасында ғана екендігіне қарамай 2018 жылы некені бұзу туралы талап – арыздардан алынатын мемлекеттік бажды төрт есеге ұлғайту туралы шешім қабылдағандары бар. Егер бұрын ажырасқысы келетін адамlар ең төменгі жалақы мөлшерінің 50%-ын төлеген болса, енді оларға 200%-ын төлеу керек. Сонымен қатар некені қайта бұзу туралы арыздардан мемлекеттік баж ең төменгі жалақы мөлшерінің 120%-нан 400%-ға дейін артқан.

Ал біздің елімізге келсек, Салық кодексінің 610-бабына сәйкес некенi бұзу туралы талап қою арыздарынан 0,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 757,5 теңге ғана мемлекеттiк баж алынады.

Сонымен қатар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 19-бабы 3 тармағында «Ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы сотқа өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң неке сот тәртібімен бұзылады» делінген. Іс жүзінде сот ерлі-зайыптыларға татуласуға қосымша уақыт беретін болса, неке бұзу санының азаяры сөзсіз. Кеңес Одағы кезінде соттарда неке бұзу туралы талапты шешер кезде 6 айға дейін міндетті түрде татуласуға мерзім берілетін және ол тәжірибе отбасын сақтап қалуға едәуір мүмкіндік беретін болған. Отбасын сақтап қалу мақсатында осы тұстарды ескеріп, «Қажет тұстарын өзімізге алған өте дұрыс» деп есептеймін.

Біздің қоғамда отбасы – рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, ұрпақтар сабақтастығының жалғастырушысы болып табылатын ұлттық құндылық. «Шаңырақтың шайқалуы, яғни ерлі-зайыптылардың ажырасуы – тек сол отбасы үшін моральдық зардап қана емес, ел демографиясына төнген қатер» деп қабылдануы керек. «Осы мәселенің заңдылық өлшемін, қоғамдық жауапкершілігін нақты айқындау қажет» деп есептеймін.

Еліміздің өзекті мәселелерінің бірі – жетімдік мәселесі. Балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бағыттарының бірі.

Тағы бір көкейкесті мәселе – қарттар үйі. Ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз үшін бұл орталықтардың қарашаңыраққа айналып бара жатқаны жанымызға батады.

Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында «Егде жастағы 7 мыңнан астам адам қарттар үйін паналауда. Олардың көбінің дені сау, балалары бар. Қартайған ата-анасын тастап кету – қазағымызға жат қылық, ата салтымызда болмаған. Бүгінгі қоғам туған баласы мен ата-анасын тастап кету секілді әрекеттерді қатыгездіктің ең жоғары деңгейі деп бағалауы тиіс», - деп айтқан болатын.

Қазірде елімізде елуге жуық қарттарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар. Бұрындары қарттар үйіндегі қариялары- мыз саусақпен санарлықтай ғана болатын, соңғы жылдары ондағы ата-әже қатарлары артып келе жатқаны байқалуда. Расында бұл мекемелердің есігіне қарияларды қатал тағдыры айдап келеді. Жалғыз қалған қарттар үшін аталған үйлерде барлық қолайлы жағдай жасалған. Дегенмен жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған қазақ арасынан қазір сол жаққа ақсақалды аталары мен ақ жаулықты аналарын ойланбастан апарып, өткізіп жатқандар да аз емес. Балалары «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» деген сөзді әсте естен шығарған секілді. бұл – қарияларын құрметтемеген біздерге жат дүние.

Қорыта айтқанда, жоғарыда атап өткен мәселелердің бәрі ұлт тәрбиесіне тіреліп тұр. Өзгеден үлгі алатын бүгінгі ұрпақ санасына «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ұғымдарын, адамгершілік сезімдерін ұялату керек. Бізге тәрбие беріп, бүгінге дейін жеткізген ата-анамызды, ата-әжелерімізді құрметтеп, алақанымызға салып, жан жылуымызды молынан сыйлауымыз қажет. Сонда ғана балаларымыз бізге деген құрметін жоғалтпасы анық. Өйткені «Не ексең, соны орасың» деген даналардың сөзін алсақ, адаспаймыз. Отбасымыздың мығым болуы – еліміздің ертеңі.

Гулнара БЕКҚАЛИҚЫЗЫ

1325
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Мұнайлы аудан тынысы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мұнайлыда «Өзiне-өзi қызмет көрсету» бұрыштарының саны көбейді

Келесі жаңалық

Ата-ана бала тәрбиесінің қамқоршысы

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Мұнайлыдағы білім ордасы республикалық үздік мектеп қатарына енді

    12 мамыр, 15:20
    349

    Мұнайлыда медресе құрылысы басталды

    26 сәуір, 14:53
    786

    Мұнайлыда жаңа тұрғын үй массиві салынады

    20 сәуір, 17:11
    1062

    Биыл Мұнайлыда ауыз су мәселесі шешіледі

    13 сәуір, 12:40
    1275

    Мұнайлылық кәсіпкер пенопласт шығарады

    6 сәуір, 15:04
    1382

    Адами капитал - сарқылмас байлық

    28 наурыз, 13:39
    1689

    Рубрикалар

      СұхбатСпортАстана - 20EXPO - 2017Редакция газеттеріЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтарыАшық қоғамТүпқарағанАнықтама бюросыҚұқықБайланыс мәліметтері

    Автордың басқа да жазбалары

    Жаңаөзенде 24 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    Кеше 15:56
    84

    Ақтауда мәселе тудырған құрылыс компанияларымен тиісті жұмыстар жүргізілуде

    Кеше 15:23
    86

    Матростар әскери-теңіз күштерінің тарихымен танысты

    Кеше 11:10
    192

    Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында 3 билборд ілінді

    Кеше 10:49
    77

    Карантин: 1 400-ге жуық азық-түлік пакеті табысы төмен отбасыларға берілді

    Кеше 10:15
    77

    Жаһандану және түпнегізге оралу: Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласына қатысты ой

    Кеше 09:42
    106

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»