Бүгін Маңғыстау облысына қарасты Шетпе ауылында түрік технологиясымен қызанақ өсіруге арналған жылыжай іске қосылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жылыжайдың ауданы – 1 гектар. Жылына 150-160 тонна көкөніс береді деп жоспарланып отыр. Ал инвестициялық жобаның құны – 400 млн теңге. Жылыжайды «ЭлектроСерис» ЖШС салып, қажетті қондырғыларды «Serasan» фирмасы орнатқан. Жоба аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
«22 қыркүйекте Президент Маңғыстау облысына келген сапарында азық-түлік бағасының қымбаттауын тоқтату үшін ауыл шаруашылығы өнімдеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімі бізге бірқатар міндет жүктеді. Алдағы уақытта жылыжайдағы өнім көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Осылайша, мамандар жылдың төрт мезгілінде облыс тұрғындарын толықтай қызанақпен қамтиды», - дейді аудан әкімі Тілек Көшмағамбетов.
Айта кетейік, қызанақ өндіруге арналған жылыжай ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылды.