Бейнеулік жеті оқушы «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадада жеңімпаз атанды. Бұл туралы Бейнеу аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Лизат Тәжиева мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Олимпиада «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтті. Негізгі мақсаты – ауылдық жердегі мектеп оқушыларының таланты мен қабілетін дамыту. Олардың білімге құштарлығын арттырып, қолдау көрсету және жағдай жасау.
«Жеңімпаз атанған 7 оқушыны аудан әкімі Бейнеубек Әбілов құттықтап, Елбасының «Ел үміті» бастамасы шеңберінде «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» атынан ноутбук сыйлады. Оған 5 пен 6-сынып оқушылары қатысты. Барлық іс-шаралар пәндерді оқып үйренуге әрі дамытуға қажетті дағдылар мен бейімділіктерді анықтауға бағытталды»,- деді Лизат Тажиева.