Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар. Бірі - қолбасшылық, екіншісі - шешендік» - деп ұлы шешен М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, көркемсөзді келістіре айту – кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық.
Бүгінгі уақыт талабы әр адамның өз көзқарасын, пікірін қорғай білуін, өз ойын дұрыс дәлелдей алуын қажет етеді. Демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі - сөз еркіндігінің өріс айтқысы алуы. Бірақ бұл кім не келсе, соны айта берсін деген ұғымды білдірмейді. Керісінше, өзінің айтары бар, жеке ой-пікірлері ұтымды, қоғамдық көзқарасы қалыптасқан адамдарға, топтарға өзін танытуға мүмкіндік беру.
Қазір елімізде жастар арасында білім мен интеллектуалдылықты сонымен қатар, ораторлық қабілеттілікті ұштастырып дамытатын "Пікірсайыс" өнері де жедел дамып келеді.
Осы орайда М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінде "Шарайна" дебат клубы құрылған болатын. "Шарайна" дебат клубы қаламыздың пікірсайыс өнері бойынша жеткен жетістіктері аз емес. Атап айтқанда, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде өткен "FST Cup champions" турнирінде көш бастады.
«ШАРАЙНА» дебат клубының үздік спикері Жуматов Райымбек бақ сынап, І – орын арнайы кубок және «Супер финал» кубоктарына ие болды.
Айта кетейік, «ШАРАЙНА» дебат клубының жетекшісі - Кенжекен Болат Базарбайұлы