Шушада (Әзербайжан) түркі мемлекеттері Ұйымының білім министрлерінің VIII кездесуі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қонақтарды Әзербайжанның ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев қарсы алды. Ол түркі мемлекеттері ұйымының қысқа уақыт ішінде таңдануға тұрарлық жетістікке жеткенін айтты.
Эмин Амруллаев түркітілдес елдер арасындағы тұрақты және салауатты ынтымақтастықтың негізі жастар екенін ерекше атап өтті. Ұйым шеңберінде жалпы білім беретін мекемелер өзара студенттерімен алмасады. Бұл – жастарға бір-бірінің ортақ тарихымен, мәдениетімен және дәстүрімен танысуға мүмкіндік береді.
Министр ұйым мен екіжақты ынтымақтастық аясында елдер арасындағы қатынастар тұрақты және табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Ол бауырлас елдердің қолдауымен салынған мектептерді, түрік-әзербайжан университетін құру және студенттердің, мұғалімдердің, жоғары оқу орындарының және т. б. қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізу достық пен ынтымақтастықтың үлгісі екенін айтты.
Министр сөз соңында ұйымға мүше елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі алдағы мақсаттарға тоқталды.
Басқосуға қатысқан өзге де спикерлер іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына тәнті болды. Одан бөлек, ұйым шеңберінде ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды екенін айтты.
Қатысушылар сөз сөйлегеннен соң отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.