Ақтауда 7 шағынаудандағы Махалля кафесінің алдында 23:00-де Toyota Ipsum автокөлігінің иесі өлеңнің дауысын қатты шығарып, тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, облыс әкімдігінің Telegram-парақшасына түн ұйқысы бұзылған тұрғындар полицияға шағымданған. Келіп түскен шағым полиция назарынан тыс қалмады.
Тәртіп сақшылары көрсетілген мекен-жайға бағыт алып, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 437-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылған.