© wikipedia.org сайтынан алынды
Маусым айының алдын ала құрғақшылық болжамын нақтылағаннан кейін құрғақшылық күтілетін аймақтар саны артты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Атмосфералық құрғақшылық мына аймақтарда күтіледі:
Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында;
Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында;
Қарағанды облысының Шет ауданында;
Ұлытау облысының Ұлытау ауданында;
Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында;
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;
Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында.
«Маусым айында бірқалыпты ылғалды жағдай Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар-Жырау, Осакаров аудандарында және Қарағанды қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде күтіледі», деп жазылған «Қазгидромет» таратқан ақпаратта.
Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайлары осы ай үшін нормаға жуық болады.
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланды.