Ақтауда тұрғындар №107 қоғамдық көлігі «Infobus» қосымшасында көрінбейтінін айтып, Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм чатына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Каспий Авто Парк» директорының орынбасары Жәнібек Миралиев №107 автобус маршрутының «Infobus» қосымшасында шықпай қалу себебін түсіндірді. Айтуынша, автобуста GPS-қондырғысының ескірген. Автопарк директоры №107 автобусына жаңа GPS-қондырғысын орнатылатынын жеткізді.
-№107 автобус маршрутының «Infobus» қосымшасында шықпай қалып жүр. Себебі аталған маршруттарда GPS-қондырғысы ескірген. Мекеме тарапынан жаңа GPS-қондырғысына тапсырыс берілді. Алдағы уақытта GPS-қондырғысын орнату жұмыстары жүргізіліп, «Infobus» қосымшасында аталған маршрут көрінетін болады, - деді «Каспий Авто Парк» директорының орынбасары Жәнібек Миралиев.
Айта кетейік, №107 маршрутының көп бөлігі қала аумағымен жүргенімен, автобус - аудандық маршрут. Сондықтан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құзіретінде.