Мұнайлы ауданы бойынша наурыз айының 28-30 күндері аралығында “Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Шара барысында адам ағзалары мен тіндерін,адам саудасын алдын алуға және анықтау мақсатында монша кешендері, сауналар, қонақ үй және ойын-сауық кешендері тексерілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудандық полиция бөліміне сілтеме бере отырып.
Аталған іс шара барысында ӘҚБтК-нің 449 бабы бойынша 20 хаттама жасақталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 309 бабы бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.