Ақтауда «Aktown» шығармашылық бірлестігі Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірге жастарды қолдау және дамыту мақсатында комплекстік «Жиналайық» жобасын ұйымдастырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Байқауда бишілер өнер көрсетіп, көрермендермен бірге jam-батл ұйымдастырылды. Батл соңында белсенділерге сыйлықтар мен сертификаттар берілді.
«Жиналайық» жобасы – талантты жастарды біріктіруге, қала тұрғындары арасында өнерді насихаттауға бағытталған. Жобаның басты мақсаты – жастарға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік беру.
Айта кетейік, сәуірде басталған шара тамыз айына дейін жалғаспақ. Жобаға 16 жастан асқан өнерпаздар қатысуда.