Еңбек ардагері, зейнеткер Жәңгірхан Өрісбайұлы елде жақсы, жаңашыл өзгеріс болу үшін барлық азаматтың атсалысуы керек екенін айтады. Ертеңгі ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруі үшін бүгінгі таңдаудың маңызды екенін ескертті.
- Елінің, ұрпағының ертеңін ойлайтын әр азамат мұндай маңызды шарадан тыс қала алмайды. Сайлауға қатысу — біздің басты азаматтық борышымыз. Бәріміз де елімізде жақсы өзгерістер болғанын қалаймыз. Ал сол өзгерістердің біздің таңдауымыздан бастау алатынын ұмытпайық. Жас ұрпақ бейбіт заманда өмір кешсін! Еліміз аман болсын, - деді Еңбек Ардагері, зейнеткер, ақсақал Жәңгірхан Өрісбайұлы.