10 тамыз күні Түпқараған ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тазалық шарасына мемлекеттік және коммуналдық сала қызметкерлері, ардагерлер, қоғамдық бірлестік өкілдері, спортшылар, өнер адамдары мен аудан жастары қатысты.
Аудан әкімі Рахат Елтизаров тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстап, тазалық науқанына бір кісідей атсалысуға шақырды.
Табиғат жанашырлары жол жиегін қураған шөптен тазартып, ағаштардың түбін әктеді. Сынған бұталарды жинастырып, күл-қоқыстан тазартты. Экологиялық акция барысында табиғат жанашырлары 35 тоннаға жуық қоқыс шығарды.
- Тазалық өзімізден басталады. Осындай жалпыхалықтық сенбіліктер өз нәтижесін береді. Ауданымыздың тазалығына барша тұрғындар өз үлестерін қосуда. Ауданымыз гүлдене береді деп сенеміз, - дейді экологилық акцияға қатысқан тұрғындар.