Қала тұрғыны теңіз жағалауында жүріп жатқан құрылысқа наразы. Тұрғын өз шағымын Маңғыстау облысы әкімінің телеграм-арнасында жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Сот заңсыз деп тапса да 4а ш/а орналасқан №43 жер орнындағы құрылыс әлі жалғасуда,- делінген шағымда.
Алайда Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының хабарлауынша, аталған орындағы құрылыс – заңды және жұмыс жобасы оң сараптама алған.
- Ақтау қаласы 4а ш/а орналасқан №43 жер учаскесі "Хафит пропертис-Ақтау" ЖШС-ға тиесілі. Нысан 16.01.2023ж сәулет-жоспарлау тапсырмасын алған. Эскиздік жоба Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісіліп, жұмыс жобасы сараптаманың оң қорытындысын алды,- делінген басқарма жауабында.
Сонымен қатар, "ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"ҚР заңының 68-бабына сәйкес құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар сақталғаны да хабарланды.