Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «ӨзенМұнайГаз» АҚ Бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаевты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше Бауыржан Мәмбетсапаев «Өзенмұнайгаз» АҚ-на жұмысқа орналасудың қолданыстағы тәртібін бұза отырып, қандай да бір жұмысты жүзеге асырмай жалақы есептелген таныстарының арасынан бірнеше адамды заңсыз жұмысқа қабылдаған.
Айта кетейік компанияға жұмысқа орналасу кезегінде Жаңаөзен қаласының 9 мың тұрғыны тұр.
Қылмыстық қудалау органы Мәмбетсапаевқа онымен афиллирленген адамдардың жұмыссыздар қатарында болмағаны, халықтың әлеуметтік осал топтарына жатпағаны және тіпті бейінді білімі болмағаны анықталған.
Ведомство дерегіне сүйенсек Мәмбетсапаевтың қылмыстық әрекеттерінің кесірінен мемлекетке 46 миллион теңге көлемінде залал келтірілген, сондай-ақ жаңаөзендіктердің кәсіпорынға жұмысқа орналасу құқығы өрескел бұзылған.
Тергеу барысында Мәмбетсапаевтың құқыққа қайшы қызметінің басқа да эпизодтары, сондай-ақ компанияның лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйымдардың тарапынан бюджет қаражатын ұрлау фактілері тексеріледі.
«Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді», - делінген Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаментінің хабарламасында.