Маңғыстаулық үздік дзюдошы, талай палуанды баптап, чемпиондарды шығарған Айбек Имашев кезектен тыс Президент сайлауына қатысып, таңдау жасады.
Ол мұндай тарихи күннен тыс қалмай дауыс беру маңызды екенін айтады.
- Бүгін еліміз үшін тарихи күн – ел Президентінің сайланатын күні. Әрбір қазақстандық бұл сайлаудан тыс қалмай, келіп өзінің таңдауын жасау қажет. Сол себепті мен де өз таңдауымды жасадым. Еліміздің болашағы жарқын болып, Жаңа Қазақстанда жаңа жетістіктеріміз көп болсын!, - дейді Тұрар Жолдыбаев атындағы дзюдо орталығының директоры, дзюдодан МО ересектер құрамасының, ҚР жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Айбек Имашев.
Айта кетейік, Айбек Имашев Азия (2011), Әлем (2013) кубоктарының чемпионы, Еуропа (2014) чемпионаты мен кубогының чемпионы. 2022 жылы мемлекет басшысының жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.