«ҚазАзот» компаниясы БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырып, журналистерге зауыттың технологиялық жаңалықтары мен жұмыс принциптерін таныстырды. Іс-шара барысында экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Зауыт өкілдері компанияның экологиялық нормаларды қатаң сақтайтынын атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Баспасөз туры барысында журналистер өндіріс процесінің әр кезеңімен танысып, кәсіпорынның экологиялық талаптарды қалай орындайтынын білді.
Кәсіпорынның бас инженері шығарындыларды бақылайтын датчиктер сияқты инновациялық технологияларды енгізгендері туралы хабарлады және ешқандай заң бұзушылықтардың жоқтығын атап өтті. Бұл қадамды Экология министрлігі қолдағанын, әрі бұл жаңалық Маңғыстауда ғана енгізілгенін айтты.
- Газ поршенді электр станциясы - еуропалық құрастырудың ең жақсы техникасымен салынған ең заманауи электр станциясы. Бізде 4 құбыр, көптеген машиналар бар. Тек осы 4 құбыр арқылы атмосфераға шығарындылар шығады. Газ құбырда болған кезде температура 130-170 градус болады. NO2 өзі сарғыш-қоңыр түсті. Ол бетіне шыққанда ғана температура төмендейді, химиялық реакция жүреді, NO-ға ауысады және бұл түссіз газ. Көптеген адамдар теңіз жағалауындағы шығындыларды біздің зауыттың кесірінен пайда болады деп ойлайды, ал біз олай емес екенін әрдайым айтамыз, - деді Дәуіржан Жұмабеков.
Сондай-ақ ол өңірдегі жағымсыз иістің зауытқа ешқандай қатысы жоқ екенін айтады.
- Өңірдегі жағымсыз иістің біздің зауытқа ешқандай қатысы жоқ. Жағымсыз иіс күкірт қышқылынан пайда болатыны баршаға мәлім. Ал біздің зауыт өндіріс үрдісінде күкірт қышқылын қолданбайды. Сонымен қоса, біз қазіргі таңда экологиялық мониторингті автоматтандыратын қондырғыларды құрып, халыққа зиян келтірмейтіндей етіп қойдық. Жаңа үрдіс министрліктің бақылауында, - деді Дәуіржан Жұмабеков.
Компанияның бас заңгері Дмитрий Квон компания бұдан былай тікелей немесе жанама жала жабуға байланысты жұмыс істейтінін ескертті, өйткені жұмыс орнында барлық нормалар сақталады, датчиктер ешқандай бұзушылықтарды көрсетпейді, ал шекті рұқсат етілген концентрация қалыпты екенін де баса айтты.
- Егер айыптаулар расталса, біз мәселені қарастыруға дайынбыз. Ал теріс айыптаулар біздің компаниямыздың беделіне нұқсан келтіреді. Егер бұлай жалғаса берсе, біз де өз құқығымызды қорғауымыз керек, дейді заңгер Дмитрий Квон.
"ҚазАзот" АҚ тау-кен металлургия саласын дамытуда маңызды рөл атқарады. Кәсіпорын өнімдері бұрғылау және жару жұмыстарын жүргізу кезінде тау-кен өндірісінде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, тауарларды жақын және алыс шетелдерге оның ішінде Африка, Латын Америкасы, Еуропа елдеріне және ТМД-ның кейбір елдеріне экспорттайды.