7 тамыздан бастап №108 «Ақтау - Маңғыстау - Ақтау» түнгі қоғамдық көлік маршруты іске қосылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Берік Ізғалиевтың айтуынша, аталған маршрут тұрғындардың жол жүру мәселесін жеңілдетеді.
- Автобустың жүру уақыты кешкі 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін. Қозғалыс интервалы 1 сағатты құрайды. Бастапқы аялдама 23 шағынаудан «Военкомат» болса, соңғы аялдама Маңғыстау теміржолы вокзалы болмақ. Тасымалдаушы компания «Caspian Trans Corporation» ЖШС осы маршрутты өзінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бюджеттен субсидия алмай ұйымдастырып жатыр,-дейді Берік Ізғалиев.
Айта кетсек, ересектерге жолақы құны 100 теңге, ал 7-18 жас аралығындағы балаларға - 35 теңге.