«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 4-119 шақырымында көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz сайты ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Бүгін 4 сәуір күні сағат 09:50 шамасында «Доссор-Құлсары» тас жолының 101 шақырымында Жем өзенінің арнасынан су тасып, жолды су басқан.
ҚазАвтоЖолдың мәліметіне сүйенсек су басқан жолдың ұзындығы 130 м.
- Еріген қар суын ағызып, жол жиегіне бөгет жасалып жатыр. Автожол мен жердің бұзылуына қауіп төніп тұрған жоқ. 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында