ҚХР азаматы "Жетібаймұнайгаз" кен орнында ("Маңғыстаумұнайгаз" АҚ) дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өндірістік жарақат алды. Ауылдық ауруханада оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жарақатын дәрігерлер танып берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- Жәбірленуші 29 сәуірде облыстық ауруханаға түсіп, бас сүйегіне рентгенографиясы жүргізілді. Шетел азаматының ешқандай елеулі зақым алмағаны анықталды. Ол сол күні үйге шығарылды",-деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.