Қазақстан халқының бірлігі күні әскери-теңіз базасының әскери қызметшілерінің отбасылары теңізшілердің қасында болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Іс-шараға әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары, сондай-ақ отбасы мүшелері қатысты. Қонақтар үшін мерекелік іс-шаралар, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Қонақтарға бөлімнің орналасқан жері көрсетілді: бақылау-өткізу пункті, казармалар, асханалар, демалыс бөлмелері, оқу сыныптары. Олар мерзімді қызмет сарбаздарының күнделікті жұмысымен және сабақ кестесімен, қару-жарақ пен әскери техникамен, спорттық өмірмен және мәдени іс-шаралармен танысты
Іс-шара барысында әскери бөлімнің көркемөнерпаздар ұжымы, сондай-ақ әскери оркестр мерекеге орай концерттік іс-шара ұйымдастырды.
Сондай-ақ, балалар назардан тыс қалмады, олар үшін үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға өздерінің сүйікті кейіпкерлері-аниматорлармен бірге қызықты концерт ұсынылды, олармен шығармашылық конкурстар, жарыстар және басқа да ойын-сауық іс-шаралары өткізілді.
"Осы мереке күні назардан тыс қалмағаны үшін әскери қызметшілерге алғыс айтқым келеді, бүгін біз өте жақсы кеш өткіздік. Баланың күлкісі-ата-аналар үшін ең жоғары сыйақы. Осы жарқын және қайырлы күнде баршаңызға бейбітшілік амандық, бақыт пен қуаныш тілейміз, көпұлтты еліміз бейбітшілік пен өркендеуде өмір сүрсін, баршаңызға мереке құтты болсын", - деді әскери қызметшінің әйелі Шынар Шайханова