“Ж.Қалдығараев атындағы жббм” КММ-де орналасқан №114 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы 7.00-де басталып, алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалды.
Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бүгінгі күн келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.
Маңызды сәтке жауапкершілікпен қарап, ең алғашқы болып дауыс беруге келген тұрғынға №114 сайлау учаскесінің төрағасы Күмісбек Мақсымбай сыйлық табыстады.