Жаңаөзен қаласына қарасты елді –мекеннің бірі – Кендірлі ауылы жыл санап көркейіп келеді. Жаңа ауылдың мәдениет үйінде орналасқан №109 сайлау учаскесінде таңертеннен бері дауыс беруге келген ауыл тұрғындары көп. Саяси науқаннан қалыс қалмай, таңдауын жасауға келгендердің қатарында жаңа отасқан жас жұбайлар Қаршыға Байтөреев пен Күміс Шалқарова да бар. Жақында ғана шаңырақ көтерген Қаршыға кәсіби бейнеоператор. Ол 10 жылға жуық «Жаңаөзен» телеарнасында еңбек етіп, бүгінде жеке кәсіппен айналысуда. Ал келіншегі Күміс - тігінші.
Егеменді еліміздің баянды болашағы үшін маңызы зор саяси шараға бір кісідей атсалыстық. Отбасымызда ата-анам, інім мен және келіншегім болып сайлауға келдік. Өз таңдауымызды жасадық. Бұл науқанға ең алдымен еліміздің тұрақтылығы нығая түсуі үшін қатысып отырмыз, -дейді Қаршыға Байтөреев.