Ақтау қаласында тұратын 10 бала тәрбиелеп отырған жас кәсіпкер Гауһар Ешмұханова өз таңдауын жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мен елімнің болашағына бей-жай қарай алмаймын. Сондықтан бүгін сайлауға барып, өзім сенім артқан кандидатқа дауыс бердім. Ең бастысы, сайлаудан әділдікті күтемін. Ұрпағымыздың болашағы үшін еліміздің келешегінің жарқын болғаны біз үшін маңызды. Сондықтан "Жаңа Қазақстанымызды" көркейтетін жаңашыл, әділетті басшы жеңіске жеткенін қалаймын. Көп балалы ана болсамда, үйде отырмай, қоғамдық жұмыстарға белсене араласамын. "Әлемді мейірім құтқарады" демекші, айналамызға махаббатпен қарап, қайырымдылық шараларына жиі қатысып тұрамын. Көп балалы ана ретінде елімнің ертеңі мен үшін маңызды.
Балаларым осы елдің азаматы ретінде отанына абыройлы қызмет еткенін тілеймін. Сол себепті бала тәрбиесінде патриоттық тәрбиені бірінші орынға қоямын. Мен "Жаңа Қазақстанның" жарқын келбетіне сенемін!
Еліміз көркейе берсін, өркендей берсін! Жер бетіндегі барлық анаға бақыт тілеймін! Тыныштық пен береке-бірлікте бейбіт өмір сүре берейік!