Түркістан қаласында өткен халықаралық «Тurkestan music festival» байқауында жаңаөзендік өнерпаздар лауреат атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 қазанда өткен өнер байқауында жаңаөзендік «Асыл мұра» фольклорлық ансамблі әртүрлі күй орындаған. Атап айтқанда «Аспаптық өнер» жанры бойынша Қазанғаптың «Боз жорғаның бөгелек қағуы» күйі және Баходир Курбановтың «Шығыс биі» шығармасын орындап гран-при иеленді.
Салима Курумбай жеке орындаушы ретінде Жасарал Еңсеповтің «Әке толғауын» орындап, І дәрежелі, ал «Асыл мұра» квартеті халық күйі «Сал күреңді» орындап ІІ дәрежелі лауреат атанды.
Байқау жеңімпаздарын дайындаған ансамбль жетекшісі Қарагөз Мұрабайқызына алғыс хат табысталды.